Жарнама
Жаңалықтар

ҰБТ-НЫ ӨТКІЗУДЕ ӨЗГЕРІС ЖОҚ

«ҰБТ қазақ және орыс тілдерінде бес пән: қазақ немесе орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін), орыс тілі (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), таңдау бойынша пәннен (таңдаған мамандыққа байланысты, шығармашылық мамандықтары үшін таңдау бойынша пән – еркін)  өткізіледі», — делінген хабарламада.

Әр пән бойынша 25 тапсырма ұсынылады. ҰБТ-ны өткізуге үш жарым астрономиялық сағат (210 минут) уақыт беріледі. ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

ҰБТ-ны объективті және ұйымдасқан түрде өткізуді Білім және ғылым министрлігінен арнайы дайындалған өкілдер қамтамасыз етеді. Барлық ҰБТ өткізу пункттерінде жергілікті атқару органдары және министрлік тарапынан тестілеуді табысты әрі жайлы тапсыруға қажетті жағдай жасалады.

Өз тілшіміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button