Атырауда із-түссіз жоғалған Өзбекстан азаматы табылды

screenshot 2 Жаңалықтар

2 маусым күні Атырау қаласы полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 28 қаңтардан бері іздеуде жүрген 1999 жылғы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады.

«24 жастағы шетелдіктің туыстары хабарсыз кетуіне байланысты Қоңырат аудандық полиция бөлімшесіне арыз тастап, осылайша із-түссіз жоғалғандар қатарында болған. Аталған азамат жұмысқа орналасу үшін мамандандырылған халыққа кызмет көрсету орталығына барып, рұқсат қағаз алуға құжат тапсырған. Осылайша, Көші-қон кызметі бөлімінің қызметкерлері 24 жастағы шетелдіктің жеке басын анықтай отырып, Өзбекстан Республикасы азаматының іздеуде тұрғанын анықтаған», – деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Өзбекстан Республикасының азаматы Криминалдық полиция басқармасының іздестіру бөліміне тапсырылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз