ЖаңалықтарҚоғам
Боз кілемде – ауыл бозбалалары
Atr.kz/19 тамыз, 2019 жыл. Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында 2002-2004 жылы туған ауыл спортшылары арасында еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл додаға еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген спортшы қатысты.
Боз кілем үстінде өткен тартысты бәсекелер нәтижесінде Нұржан Мұхтаров, Талап Жолдасов, Ерсұлтан Ерболатұлы сынды атыраулық палуандар өз салмақтарында алтын медаль иеленсе, Нұрлыхан Аманғалиевтың қанжығасына – күміс, Алмат Мұхтапаровқа – қола бұйырды. Осылайша, жалпыкомандалық есепте Атырау облысы – бірінші, Алматы облысы – екінші, Шығыс Қазақстан облысы – үшінші орын иеленді.
Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ