БОРИС БӘРІНЕН ОЗДЫ
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шара мемлекеттік тілді насихаттау, мемлекеттік қызметкерлер арасындағы ана тілінің маңызын арттыру, қызметкерлердің қазақ тілін қаншалықты білетінін анықтау және үйрету мақсатында дәстүрлі түрде өткізіледі. Борис «Ақжайық» қорығының материалдық-техникалық бөліміне басшылық жасайды. Сондай-ақ, ол Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің қолынан «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» медалін алды.
«Ақжайық» қорығының қызметкері Ақкүміс Дүйсеновадан білгеніміздей, бес кезеңнен тұратын байқауда сайыскерлер алдымен өздерін таныстырып шықты. «Өнертаным» кезеңінде қазақтың мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтары мен фразеологизмдерін көбірек білетін өзге ұлт өкілдері анықталды. Байқауды қазақ салт-дәстүрлері мен жоралғыларына арналған «Салт-дәстүр – мәдениет мәйегі» бөлімі қорытындылады. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.