62514

42 500 теңге төңірегінде қойылатын ТОП-5 сұрақ

Жаңалықтар Саясат

– 42500-ге өтінім толтыру кезінде қателесіп кеттім. Енді жаңадан өтінімді қалай берген дұрыс?

– Егер сіз жіберген қателер жәрдемақы алу құқығыңызға салдарын тигізіп,  деректер базасындағы мәліметтермен сәйкес келмесе, онда төлем жасаудан бас тартылады. Бас тартылғаны туралы мәліметті ресми түрде алғаннан кейін, қайтадан өтінім бере аласыз. Өтінім 1 қыркүйекке дейін қабылданатынын естеріңізге саламыз.

– Менің банктегі шотымның нөмірі өзгерді. Төлемнің жаңа шотқа түсуі үшін не істеу қажет?

– Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесіндегі банк шотыңыздың нөмірін жаңарту үшін Сізге ХҚКО-ға бару қажет.

– АӘК алатындар «42500» төлемін ала алады ма?

– Жоқ, «42500» төлемі  атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер алатындарға тағайындалмайды.

– Егер менің жұмыс берушім  ауруханада, демалыста болуына немесе т.б. жағдайларға байланысты қызметкерлері үшін «42500» төлеміне өтініш бермеген жағдайда  істеу керек?

– Бұл жағдайда өтінімді басшыны ресми алмастыратын тұлға бере алады. Өтінім қабылдау  1 қыркүйекке дейін жүргізілетінін естеріңізге саламыз.

– «42500» төлемінен алимент ұсталады ма?

– Жоқ, ұсталмайды. «42500»  төлемінен  несие, салық, зейнетақы, сот шешімі бойынша берешек, соның ішінде алиментке төлем жүргізуге тыйым салынады.

Дереккөз: @egovhelpkz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған