Жарнама
Жаңалықтар

БОНУС КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

Саладағы тағы бір маңызды өзгеріс – барлық деңгейдегі Тәртіптік кеңестердің жойылып, оның орнына Әдеп кеңесінің құрылғандығы. Жаңа кеңес жазалаудан бұрын, адамға тәлімгерлік етуші алаңға айналады деп күтілуде. «Мәселен, Тәртіптік кеңесте қызметкерлерді жемқорлық фактілері, жемқорлыққа жағдай туғызғаны үшін жазалайтын едік. Оның ішінде келіп түскен хатқа заң бойынша үш күн емес, төрт, бес күн ішінде жауап бергені үшін, «жемқорлыққа жағдай туғызды» деген желеумен орнынан алынып тасталған қызметкерлер де болды. Ал, Әдеп кеңесі саладағы қызмет көрсету сапасын арттыруды көздейді» деді брифингте Мұхит Избанов.

Тағы бір жағымды жаңалық – қызметін абыроймен атқарған мамандарға берілетін материалдық бонустар туралы ақпарат. Бірақ, оны алу үшін сала мамандарына жақсылап тұрып тер төгуге тура келеді. «Бонус алу үшін қызметкерлер мемлекеттік аттестациядан өтеді. Жаппай сынақ 2017 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Кімнің бонусқа лайық екендігін мемлекеттік органдарда құрылған персоналды бақылау комиссиясы анықтайтын болады» деп атап  айтты Мұхит Кәрімұлы. 

Мемлекеттік қызметке өткісі келетіндер – тест тапсырар алдында міндетті түрде суретке түседі. Және сол сурет сынақтан өткендігін растайтын сертификатпен бірге қайта тапсырылады. Бұл қадам  сынақтан өту үшін өзінің орнына өзгені жіберетін пысықайлардың жолын кеспекке жасалып отыр. Еске сала кетейік, өткен жылы бірқатар облыстарда өзгенің орнына сынақ тапсыруға машықтанып алған ұйымдасқан қылмыстық топтар әшкереленген болатын.

P.S. Брифинг барысында облыс бойынша мемлекеттік органдардағы 319 орынның бос тұрғаны белгілі болды. Жеңілдіктер, тіпті, бонустар жасалып жатқанына қарамастан, осынша орынның бос тұруын Мұхит Избанов жастардың негізінен шетелдік компанияларда жұмыс істегісі келетіндігімен түсіндірді. Әлемдік биржада мұнай бағасының төмендеуіне байланысты, көптеген компаниялардың болашағы тұманға айналғанын ескерсек, жастарға енді болашақты мемлекеттік қызметпен байланыстыру тиімдірек секілді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button