Жаңалықтар

Болат Назарбаев өмірден озды

Қаралы хабарды Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханасы растады. «2023 жылдың 13 қарашасында сағат 09.51-де Болат Назарбаев қайтыс болды»,- деп хабарлады Президент Іс басқармасы Орталық ауруханасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ ақпаратты Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі өз парақшасында растады.

«71 жасқа қараған шағында созылмалы ауырудың салдарынан ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаев дүниеден озды»,- деп жазды ол.

Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда туған.

1973-1988 жылдары «Шамалған» кеңшарында механик, аға механик, бригадир, директордың орынбасары болған.

1988-1989 жылдары – Қаскелең қаласы нан зауыты директорының орынбасары.

1989 жылдан 1992 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысқан.

«Инкар Агро» ЖШС-ның вице-президенті, BN Invest холдингінің директоры қызметін атқарды.

Сонымен қатар, «Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық ұйымын құрды.

Бұған дейін Болат Назарбаевтың ауруханаға түскені және оның жағдайы ауыр әрі тұрақсыз екені айтылған болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button