Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Болашаққа – нық сеніммен!

Atr.kz/10 маусым, 2019 жыл. Күллі Қазақстан азаматтары 9 маусым күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысып, дауыс берді.

Болашаққа нық сеніммен қараған халқымыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды тұғырнамасында ұсынған басты қағидаларын қолдап, мызғымас бірлігімізді танытты. 

Атырау облысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебінде орналасқан  №89 сайлау учаскесі де өз жұмысын аса жауапкершілікпен атқарып шықты. 

Өзім «Нұр Отан» партиясының белді мүшесі, еліміздің патриоты ретінде өте маңызды, әрі қажетті қадам болып табылатын кезектен тыс Президент сайлауының халықаралық стандартқа сәйкес, таза, ашық, әрі әділ өткендігіне сенімдімін. Сондай-ақ, бұл саяси науқанда өз таңдауымызды жасап, маңызды іс-шараға үлесімізді қосқанымызды мақтан етемін.

Біз – Елбасы мектебінің барша ұжымы Ұлт Көшбасшысының қолға алған бағыттарын әрі қарай тиімді жалғастыру жолында әрқашан Президентімізбен біргеміз!  Кешегі сайлау нәтижесі тәуелсіздік туының қашан да жоғары желбіреп, бірлігі мықты Мәңгілік ел болу жолындағы бағыттардың одан әрі кеңінен қанат жаюына серпін берері сөзсіз.

Айдарбек АЙТБӨКЕШЕВ,

Атырау қаласы химия-биология бағытындағы

Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button