Жарнама
Жаңалықтар

«БОЛАШАҚ»: ҮМІТ ПЕН СЕНІМ ЖЕТЕГІНДЕ

«Болашақ» – Қазақстанның еліміздегі адам капиталын дамытуға қатысты ең сәтті бағдарламаларының бірі. Оның есебінен мыңдаған жас отандасымыз шетелдерде оқып, сапалы білім алды.
— 20 жыл ішінде стипендия 10 мың 25 азаматқа бөлінді. Сол 10 мың адамның 615-і Қазақстанға оралып, қазіргі кезде экономикамыздың әр саласында қызмет етуде. «Болашақ» түлектері еліміздің дамуына үлкен үлес қосып жатыр. Тоқталайын дегенім, қазіргі кезде шәкірттердің 2,5 мыңы әлемнің 35 еліндегі 200 университетте оқып жатыр. Қалғандары оқуға бағыт алуда немесе жақын арада оқуға баратын болады, — деді Ғ.Нығыметов.
«Болашақ» бағдарламасының түлектері негізінен жеке секторда қызмет жасайды екен. 20 пайызы ұлттық компанияларда, 15 пайызы мемлекеттік орындарда, қалғаны халықаралық ұйымдарда еңбек ететінін естіп білдік. Жалпы, алты мың түлектің 60 пайызы қоғамдық-гуманитарлық және шығармашылық мамандықтар бойынша білім алған болса, 38 пайызға жуығы инженерлік-техникалық, ал, 8 пайызы медициналық бағыт бойынша оқыпты.
Баспасөз мәслихатында «Халықаралық бағдарламалар орталығының» басшысы кейбір түйіткілді тұстарды да айналып өтпеді. Ол болашақтықтардың жұмыспен қамтылуына қатысты еді.
— Жұмыссыз жүрген «Болашақ» түлектерінің саны көп деген пікірмен келіспеймін. Біздегі мәлімет бойынша тек 124 түлек қазіргі кезде жұмыс іздестіруде. Орташа есеппен алғанда жұмыс іздеуге үштен алты айға дейін уақыт кетеді. Бұл – айтарлықтай циклді, әрі маусымды үдеріс. Біздің тараптан, «Болашақ» бағдарламасы әкімшілері жағынан жас маманға барынша көмек көрсетілуде. Бағдарламаның қалған түлектері жұмыспен қамтылған, — деді ол.
Баспасөз мәслихатының кезекті қонағы «Болашақ» стипендиясының түлектері қандай жағдайда шетелде жұмыс істеуге қала алатындығына да тоқталды. «Ол республикалық комиссия рұқсат берген жағдайда және тек Қазақстан мүддесіне өкілдік еткен халықаралық ұйымдарда ғана жұмыс істей алады» деген пікірін айтты Ғ.Нығыметов.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button