Жарнама
Жаңалықтар

БОЛАШАҚ ЭКОЛОГТАР – «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛДА»

 

Оларды бірлескен кәсіпорынның экология бөлімінің аға маманы Гүлнәр Тасқали компанияның қоршаған ортаны қорғау жөнінде атқарған жұмыстарымен және орындалу сатысындағы жоба-жоспарларымен таныстырды.

2000-2014 жылдар аралығында осы мақсатқа бағытталған инвестициялардың көлемі 423 млрд.теңгені немесе 3 млрд.АҚШ долларын құраған. Осынша қомақты қаражатты тиімді пайдалана отырып, кәсіпорын тек соңғы бірнеше жылдың өзінде ауқымды жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз еткен. Олардың қатарында тұтынылатын судың мөлшерін үнемдеуге, газды кәдеге жаратуға, өндірістік қалдықтарды, сонымен қатар пайдаланылған қағазды қайта өңдеуге арналған заманауи технологияларды қолданысқа енгізуге нақты қадам жасалғандығы аталды.

Бұдан бөлек, компанияның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің кеңесшісі Гүлнара Айтжанова балық шабақтарын құтқару жұмыстарына да көңіл бөлінетіндігін мәлімдеді. Компания өкілдері мен жоғары оқу орны студенттерінің осындай жүздесуін жыл сайын, табиғат жанашырларының төл мерекесіне орай, белгілі бір тақырыпта ұйымдастыру дәстүрге айналғанын жеткізді.

Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button