«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау мерзімі жарияланды

photo 31244 Білім

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін бекіткен болатын.

photo_31244

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 86 «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» бұйрығына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау 2018 жылғы 19 наурыз бен 31 тамыз аралығында іске асырылады. Сондай-ақ конкурстық іс-шаралар 2018 жылғы 26 наурыз бен 20 қазан аралығында өтеді.

Анықтама үшін:

Қазақстандықтар үшін білім саласындағы үкіметаралық келісім-шарттар негізінде шет елде тегін білім алудың мүмкіндіктері қарастырылған. Биылғы жылы түлектер үшін 10 000-ға жуық грант бөлінді. Қазіргі таңда Ресей, Қытай, Малайзия, Түркия және Польша университеттері гранттарына құжаттар қабылдау жүріп жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз