Болашақ Пеле – ауылда!
«Атырау» футбол орталығы облыста жаңадан бөлімшелер ашуда. Жағымды жаңалықты «Атырау» ФК баспасөз орталығы хабарлады. Бұл – алыстағы ауылда құм кешіп жүрген балаларға футбол ойнап, тәлімді бапкерлерден тәрбие алуға мүмкіндік туып отыр деген сөз.
Нақтырақ айтсақ, барлығы алты бөлімше ашылмақ. Оның екеуі Атырау қаласында болса, төртеуі – аудан орталықтарында. Сонымен қатар, Қызылқоға, Мақат және Құрманғазы аудандарында бөлімшелердің ашылуы жоспарлануда.
Футбол секциясына іріктеуге 2005-2007 жылы туылған балалар шақырылады. Бір айта кетерлігі, бөлімшелерде жаттығу ақысыз жүргізіледі.
Ел намысын қорғайтын болашақ футболшылардың бағын ашу, ең алдымен, ата-анаға байланысты. Сондықтан, ата-аналарға анықтама ретінде төменде іріктеуден өту үшін жаттықтырушылармен байланысқа шығу мүмкіндіктерін ұсынып отырмыз.
- Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі. Жаттықтырушы – Хамитов Қадырбек Төлегенұлы, байланыс телефоны: 8 (775) 812-36-62
- Махамбет ауданы, Махамбет ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі. Жаттықтырушы – Әлдешов Асқар Бақтығалиұлы, байланыс телефоны: 8 (702) 390-19-39
- Атырау қаласындағы «Геолог-2» ықшамауданы, №36 мектеп гимназия. Жаттықтырушы — Наушаев Тұраш Маратұлы, байланыс телефоны: 8 (775) 601-25-81
- Исатай ауданы, Аққыстау ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі. Жаттықтырушы – Бағытов Нұржан Бағытұлы, байланыс телефоны: 8 (775) 641-42-43
- Индер ауданы, Индербор ауылындағы «Көктем» қазақ мектебі. Жаттықтырушы – Бақтығалиев Темірлан Болатұлы, байланыс телефоны: 8 (701) 316-78-85
- Атырау қаласы, Құрманғазы ауылындағы Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп. Жаттықтырушы – Садықов Аслан Ұзақбайұлы, байланыс телефоны: 8 (702) 745-60-78
Айгүл Ертілеу
Бұл — өте игі бастама. Дұрыс болған екен. Әсіресе, жаттығулардың тегін жүргізілетіндігі, сондай-ақ ауылдық жерлерде де жаттығу орталықтарын ашатындары қуантады. Кезінде қара топырақтан шаң буратып, жыртылған доптарды теуіп, асыр салып ойнаушы едік. Міне, дамуға бет алған елдің саясаты осындай болуы керек.