Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

Боксшы Серік Сәпиевтің рөліне кім лайық?

Қазақстандық танымал режиссер Ақан Сатаев өзінің кезекті фильміне кастинг жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20190105202319

Режиссердің жаңа туындысы қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің өміріне арналмақ. «Сатайфильм» компаниясы «Боксшы» фильміне кастинг жариялайды. Басты рөлге Серік Сәпиевке ұқсайтын 18-29 жас аралығындағы жігіт іздейміз. Бокстасу және актерлік қабілеттері болса, құпталады», — деп жазды Ақан Сатаев Инстаграмдағы парақшасына. Сондай-ақ, қосалқы рөлдерге 10-29 жас аралығындағы бокспен айналысатын балалар мен ерлер қажет. Ұлтқа қатысты шектеу жоқ. Фотосурет пен барлық мәліметті casting_satai@mail.ru поштасына жіберу керек.

Ақан Сатаев — Қазақстандағы табысты режиссерлердің бірі. Ол сондай-ақ, актер,  сценарист және продюсер ретінде де белгілі. Қарағанды қаласының тумасы. 1994 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін бітірген. «Рэкетир», «Адасқандар», «Жаужүрек мың бала», «Хакер», «Ол» және «Томирис» секілді танымал фильмдерді түсірген. Ал жақында Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Елбасы» киноэпопеясының «Астана» атты бесінші бөлімін аяқтап, оны Мемлекет басшысы тамашалаған болатын.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button