Жарнама
Жаңалықтар

Бөгетті қалай тұрғызу керек?

Бүгінде тасқыннан қорғану мақсатында жағалауларда жаппай бөгет соғу жұмыстары жүргізілуде. Қауіптің алдын алуда бөгет қалай соғылғаны дұрыс? Біз бұл туралы құрылыс саласының сарапшысы Талғат Бисеновтен сұрап білдік.

Оның айтуынша, алдымен топырақ нығыздалған болуы қажет. Одан кейін келетін су деңгейіне сай етіліп биіктетілуі басты талап.
– Төселетін топырақтың ұзындығы мен биіктігінің өлшемі 45 градуста төселген болуы шарт. Оған қоса бірінші қабаты ретінде төселген топырақтың құрамы тығыз болуы қажет. Бұл су өтпес үшін маңызды. Содан кейін соның үстіне қарай биіктете беру қажет. Мәселен, тасқын су 8 метрге дейін келеді деп болжам жасалса, онда топырақтың биіктігін 8 метр, ал ұзындығы 16 метрге дейін төселгені дұрыс. Сондай-ақ бөгет жағадан сәл қашықтау жерге тұрғызылған жөн. Сонда ғана қарқынды су шайып кетпеуіне кепілдік болады,- дейді құрылыс саласының маманы Талғат Бисенов.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button