Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«БЛОГЕР – өзі үшін, ЖУРНАЛИСТ қоғам үшін жазады»

Ақпараттық технология дамыған сайын журналистке де қойылатын талап күшеюде. Ақпарат жылдамдығына ілесу үшін жанжақты, технология тілін меңгеруі, қажет сәтте ақпаратты әлеуметтік желіге жүктей салатын мүмкіндігі болуы шарт. Себебі халық жаңалықты бірінші болып әлеуметтік желілерден оқиды. Дегенмен мұндағы ақпараттың бәрі шынайы емес. Қоғамды алаңдататыны да осы болып отыр. Ақпараттық заманның артықшылығы мен осындай к­өлеңкелі тұстары елге белгілі журналист, «Время» газеті бас редакторының орынбасары, медиа-менеджер Асқар ЖАЛДИНОВПЕН сұхбатымыздың негізгі ө­зегіне айналды.

– Бүгінгі журналист қандай болуы керек? Әңгімемізді осы сұрақтан бастайықшы.

 – Түсінікті. Қай кезеңде де журналистиканың негізгі ұстанымдары өзгерген жоқ. Оны қандай уақыт талабы болмасын сақтай білуіміз керек. Ұстанымы деп отырғаным журналистиканың басты қағидалары. Ал заманауи журналист – қағидаларды ұстана отырып, барлық технологияларды тиімді қолдана алатын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі. Бүгінгі терминдердің бірімен айтсам, қазіргі журналист «экологиялық» таза адам болуы керек.

– Қазір журналистерге қарағанда блогерлер ел ішінде танымал. Сәйкесінше, олардың табыстары да жоғары. Тіпті жас балалар да блогер болғысы-ақ келеді. Сіздің ойыңызша, осы құбылыстың себебі неде?

– Қазіргі уақыт хайпакратияның кезі саналады. Ал блогер – əлеуметтік желіні белсенді қолданушы. Олар қандай ма бір ақпаратты өздерінше «ерекшелеп» көрсеткісі келіп бұрмалап, өзгертіп жариялайды. Кез-келген ақпарат тұтынушы оны эмоциямен қабылдайтынын ескерсек, бұдан хайп пайда бола қалады. Тиісінше оқылымы да артады. Ал бұқаралық ақпарат құралдары заңға бағынатын болғандықтан былай жасай алмайды. Сондықтан журналистердің ақпараттары шынайы, обективті болуы шарт. Болмаса ертеңгі күні жауапқа тартылады. Сол себепті ақпаратын жан-жақты тексеріп, шынайылығына көз жеткізген соң жариялайды. Блогерлердің іс-əрекеті белгілі бір заңмен шектелмегендіктен, олар кез-келген ақпаратты тексермей береді де аудиториясын тез жинап алады. Көрермені көп болғандықтан журналистикадан ұтымды көрінеді. Бірақ біз блогердің əлеуметтік желіде ғана ұтымды көрінетінін ұмытпауымыз керек. Ал ақпараттық кеңістікте блогерлердің белсенділігін мағыналы деп айта алмаймыз, олардың кемшіліктері көп. Былайша айтқанда, блогер – өзі үшін, журналист қоғам үшн жазады. Тағы бір ескерерлігі, бұл мəселе қоғамға да байланысты. Адамдар кезкелген ақпаратқа сене бермеуі керек. Қалыптасқан қоғам ресми ақпараттарды ғана негізге алады. Сондықтан өркениетті қоғам барда журналистика өз рөлін жоғалтпайды.

– Қызмет барысында басыңыздан ­өткерген қызықты жайттарды айта отырсаңыз?

– Журналистің əр күні əртүрлі оқиғаға толы. Қазір қарап отырсам ақпарат саласында жүргеніме 20 жыл болыпты. Осы уақыт аралығында түрлі қызықтар мен қиындықтарды көрдік. Оны бір-бірінен бөле жара қарау мүмкін емес. Бастысы, өткізген əр сəтімнен сабақ ала жүріп, кəсіби маман болуға ұмтылып келемін.

– Бұрынғы журналист пен бүгінгі журналисті салыстыру ж­өн болмас. Дегенмен газет тілшілеріне бәсекеге қабілетті болу үшін қандай ерекшелік қажет?

– Б ұ р ы н ғ ы ж ə н е қ а з і р г і журналистиканың айырмашылығы технологияда ғана. Ақпарат алу, сараптау, оны жариялау мəселелері өзгерген жоқ. Біз қолданатын құралдар ғана өзгерді. Сол себепті журналистің қазіргі шеберлігі технологияны ұтымды қолдана білуінде. Бұрын тілшілер телеарна, радио, газет деп журналистиканың тармағына бөлінетін. Қазір журналист маманға қажетті барлық құралдарды қолдана білгені дұрыс. Əмбебап болса, қызметі де өзгелерден озық болады. Əлеуметтік желіде қалай ақпарат тарату қажеттігін де үйренуі керек. Телеарнаның стандарты мен газет шығару жəне интернет сайттардың да технологиясын меңгергені жөн. Бүгінгі журналистке қойылатын негізгі талап – жылдамдылық пен белсенділік. Яғни кез-келген жағдайда тез əрекет етуі керек. Бір ақпаратты алып, оны екі күн бойы дайындайтын болса, оның маңызы жойылады, өзге ақпарат құралдарынан қалыс қалады. Бүгінгі таңда ақпаратты кем дегенде бір сағаттың ішінде анық-қанығын анықтап, оқылымды, оқырманға түсінікті тілмен жазып, жариялаған жөн.

– Ақпараттық технология дамыған қазіргі уақытта, ақпарат ұсынудың артықшылықтары туралы айтып берсеңіз?

– Журналист əлеуметтанушы бола отыра, алдымен қолындағы ақпаратты ортаға ұсыну тəртібін зерттеп алады. Өйткені əр ақпарат көзі əртүрлі болады. Мəселен жастардан тұратын аудиторияға саясат туралы айтар болсаң, сені ешкім оқығысы келмейді. Сондықтан əр ортаның өзіне қажетті, өзін қызықтыратын тақырыбын көтерген дұрыс. Ортаның жас ерекшелігін ескеріп, талғамына мəн берер болса, өнім де өтімді болады.

– Журналистикада ө­ткерген жылдарыңыздан не түйдіңіз? Сізді толғандыратын нендей мәселелер бар?

– Үнемі қоғамның талабынан шығуға ұмтыламын. Қоғам қалай өзгеріп жатыр? Нені айту керек, не жетіспейді, міне, осы сауалдар төңірегінде толғанып жүремін. Қандай іс бастасам да жұртшылықтың қажеттілігіне мəн беремін. Мəселен, қазір журналистерді дамытуға арналған ауқымды жаңа медиа жобамен жұмыс жасаудамыз. Ол заманауи стандарттарға сай келетін, бүгінгі талап үрдісінен шыға алатын «MEN» кросс-медиа платформасы. Яғни журналистерге арналған жаңа баспасөз клубы. Ол алдағы 2-3 ай төңірегінде ашылып, журналистерге қызмет етеді. Бұл баспасөз клубында үлкен жобалар бастау алады деп күтілуде. Мақсатымыз – бұқаралық а қ п а р а т қ ұ р а л д а р ы ө к і л д е р і н е көмектесу, оларға жан-жақты өңдеп шынайы, сапалы ақпарат ұсыну.

Мəлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button