Жарнама
Жаңалықтар

Бизнесті дамытуға – банктер үлесі

Әкімдіктің мәжіліс залында аймақты үдемелі индустриалдық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Бизнесті дамытуға – банктер үлесі

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаевтың төрағалығымен болған кеңесте үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейлі банктердің белсенділігі туралы мәселе талқыланды.

Биылғы бірінші тоқсанда екінші деңгейлі банктер ар-қылы 263 жаңа жұмыс орнының құрылуымен жалпы сомасы 2,7 млрд. теңге болатын 51 жоба мақұлданды. Мұның өзі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш есеге өскен. Ауыл кәсіпкерлерінің бағдарламаға қатысуы да артуда. Былтыр үш айда ауылдағы бизнесті дамытуға төрт жоба ұсынылса, биыл олардың саны 32-ге  жетті.

Екінші деңгейлі банктердің арасынан белсенділік таныт-қан «Банк Центр Кредит», «Ресей Жинақ Банкі», «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамдарының Атырау филиалдары облыс әкімінің атынан Алғыс хатқа ие болды. Марапаттарды табыстаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар  Дүйсембаев  болашақта өзгелерді де  ауылда шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға белсене қатысуға шақырды.

Кеңес отырысында «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасы ая-сында несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауды сұраған кәсіпкерлердің  өтінімдері қаралды.

Бақытжан ЖҰМАТ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button