Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Бизнеске бетбұрыс

Биылғы Жолдаудың ерекшелігі қоғамның жаңадан құрылуына үлкен ықпал етіп отырған бірден бір жаңа бетбұрыс.

Жолдаудың оныншы бағытында  бизнес өкілдерінің және азаматтардың нақты сұранысы негізінде шешімдер әрі кеткенде үш күн ішінде, тіпті, қажет болса бір тәулікте қабылдануға тиістігі айтылды. Үкімет жанынан құрылған Жедел штаб ақпаратқа сол сәтте талдау жасайтын, сондай-ақ нақты шұғыл шаралар әзірлейтін Ахуалдық орталық сияқты жұмыс істеуі керектігі де назардан тыс қалмады. 

Атырауда Іскер әйелдер кәсіпкерлігі Кеңесінің жанынан ашылған Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы Президент тапсырмасына сай кәсіпкерлікті дамытуға үлкен жәрдем берері сөзсіз. Бұл орталық – бір қолымен бесікті тербеп, бір қолымен бизнес жүргізіп отырған әйелдер кәсібін қолдауға арналған алаң. Мұнда алғашқы идеяларымен бөлісіп, жұмыс істеп тұрған бизнестің экономикалық белсенділігін арттыруға ақыл-кеңес ала алады. Сонымен қатар әйелдер бизнесінің дамуына кедергі келтіретін проблемаларды анықтап, шешілу жолдары талқыланады.  Сондықтан да Мемлекет басшысының Жолдауына сай шенеунік формализмге жол бермей, толықтай жұмыла қызмет етеміз деп үлкен сеніммен айта аламын. 

Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жаңғыртудың маңызды факторы ретінде азаматтық мәдениетті дамыту қажеттілігіне тоқталды. Ауылдық жердегі азаматтық бастамаларды қолдаудың тиімді тәсілдерін әзірлеуді тапсырды. Енді гранттар бөлінген кезде ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың сұранысына қарай бейімделіп, оны алудың жеңілдетілген режимі енгізілетін болады. Бұл да шалғайда осы салада күні-түні еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерге үлкен қолдау болары анық. 

Гүлжан Мұхатаева, 

Атырау облысы Іскер әйелдер Кеңесінің төрайымы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button