Жарнама
Жаңалықтар

БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН БЕЙСЕНБІ

 

Бірыңғай кеңес беру күніне келушілер департамент өкілінен жеке кәсіпкер ретінде өзінің шаруа қожалығын тіркеу, сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың қызметін жабуға қатысты туындаған сұрақтарға жауап ала алады. Сондай-ақ, мамандар салық режимдерін  ауыстыру, жеке тұлғалардың жер және мүлік салығын  есептеу, мәжбүрлеп өндіру шаралары жөнінде де кеңес береді. Соңғы кезде салық төлеушілер тарапынан мүлікті  жария ету, фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану, электрондық шот-фактураларды енгізу, КҚС декларациясы және оның тапсыру мерзіміне қатысты сауалдар жиі қойылып жүр.

Өткен шілде айының бейсенбі күндерінде  731 жеке тұлғаға, 495 заңды тұлғаға, 15 шаруа қожалығына, 10 жеке кәсіпкерге кеңес беріліпті. 211 адам телефон шалып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алған. Тағы бір назар аударарлық жайт, салық төлеушілер үшін atr.kgd.gov.kz сайтында «Сұрақ — жауап» айдары ашылды.

Бағила САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button