Біз су тасқынынан кейінгі 30 жыл ішінде босаңсып кеттік
Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жергілікті журналистер мен қоғамдық белсенділердің сұрақтарына жауап берген төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабта өткен брифинг барысында атап айтты.
-Шыны керек, 1994 жылғы су тасқынынан кейін біз босаңсып, соңғы 30 жылда өзендердегі су азайып бара жатқанына үйреніп қалдық. Түп тереңдету жұмыстары ұзақ уақыт бойы жүргізілмеген, бөгеттер нығайтылмаған, кейбір жерлерде олар мүлдем алынып тасталған, су қорғау аймағында біз ауылшаруашылық қажеттіліктері үшін жер телімдерін бердік, арналар тазартылмады. Бұл жұмыстардың барлығын өңірге тасқын су келгенге дейін атқаруымыз керек, — деді Серік Шәпкенов.
Атырау облысы әкімінің айтуынша, ТЖ режимі су тасқынына тиімді дайындықты ұйымдастыру — техника, жабдықтар тарту, ғылыми зерттеулер жүргізу және өңірдегі өзен жағалауларын нығайту мақсатында жарияланды.
-Егер облыс тұрғындарының өміріне нақты қауіп төнсе, біз бұл туралы алдын ала хабарлаймыз, — деп атап өтті Серік Шәпкенов.
Атырау облысының жедел штабы