Сенаторлар сапары

парламент депутаттары – ел ішінде2 Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Қайрат Ищанов пен Сәрсенбай Еңсегенов Индер ауданына сапары барысында «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында жергілікті атқарушы орган өкілдерімен, мәслихат депутаттарымен және басқа да жұртшылық өкілдерімен кездесті.

%d0%bf%d0%b0%d1%80%d0%bb%d0%b0%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d1%82-%d0%b4%d0%b5%d0%bf%d1%83%d1%82%d0%b0%d1%82%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%b5%d0%bb-%d1%96%d1%88%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b52

Алғашқы сөз алған Сенат депутаты Қайрат Ищанов «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасының іске асырылуы барысындағы келелі жұмыстарға тоқталды.

Кездесуде ауданның Құрметті азаматы, ардагер-экономист Жексен Жұлқаров елімізде нанның бағасы өсіп бара жатқанына байланысты ұсыныстарын ортаға салды. Оның ойынша, Атырау мен Маңғыстау облыстарына белгілі мөлшерде астық алып, оны халыққа төмен бағаға сатуды ұйымдастыру және жоғары бағаға сатылған нанның салмағы мен сапасына бақылауды күшейту қажет. Сондай-ақ, «мұнай сияқты шикізат көздерін игеруге келісімдер жасағанда Қазақстанның мүддесін әрдайым жоғары қойып отырудың қажеттілігі ұмытылмауы тиіс» деген ардагердің ойын өзгелер де қолдады.

Ауданның Құрметті азаматы, байырғы кенші Есенияз Төремұратов Индер тұзы мен балшығының емдік қасиеттерін нақтылап, оны Индербордағы бір орынға тасымалдау арқылы пайдаланудың тиімділік беретінін қозғады. Сонымен қатар, ардагер бүгінде Үкімет тарапынан кен орындарын зерттеуге, зерделеуге арнайы бетбұрыс жасалып отырғандығына тоқталып, осы жұмыстардан Индер жері де, мамандары да тыс қалмаса деген тілегін жеткізді.

Денсаулық сақтау саласындағы шексіз реформалардың мән-жайы мен кемшіліктері, қиындықтары да  жұртшылық өкілдерінің пікірлерінен аңғарылды. Индербор кентінде балабақшаға арналып салынған ғимарат өз мақсатында пайдаланылмай, жеке меншік компанияның кеңсесіне айналған. Ардагер-ұстаз Ғ.Ғабдуллина Индерборға жақын маңнан жер алып, бірақ, оны әлі күнге игермей отырған «ИСИ-Гипс-Индер» ЖШС атына біраз сын айтты. Бұл құрылымның ауданға қаншалықты салық төлемдерін жасап отырғандығы жөнінде тиісті орындарға сауал жолдап, жауабын ала алмай жүргенін де жа-йып салды.

Көктоғайдағы «Райымбек» шаруа қожалығының төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Ғилымғали Зәйдекенов ауыл шаруашылығын қолдауға миллиардтаған қаржы бөлінгенімен, оның ауылға жетуі өте күрделі екенін алға тартты.

Сүйеу ХАЛЫҚОВ,

Индер ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз