Жарнама
Жаңалықтар

«Біз су басу аймағында болдық»

Атырау қаласындағы Алмалы ауылдық округіндегі қорғаныс бөгеттерінде кезекшілік жалғасуда, — деп хабарлайды облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб.

Алмалы ауылдық округінің әкімі Гүлшат Аухадиеваның айтуынша, ауылдардағы жағалауды нығайту жұмыстары 27 наурызда, төтенше жағдай режимі жарияланғанға дейін басталды.

–Біз әкімдікте Береке және Алмалы ауылдарының жастары мен қоғамдық белсенділерін жинадық, жұмыс тобын құрдық және қорғаныс бөгеттерін салуға кірістік. Жедел штабтан біздің учаскелерге спорт басқармасының үйлестірушісі бекітілді. Үйлестірушілердің, әскери қызметшілердің, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің, еріктілер мен жергілікті тұрғындардың бірлескен іс-қимылдары мен тығыз жұмысының арқасында біз екі ауылды және 8 саяжай учаскесін су тасқынынан қорғай алдық, — деді Гүлшат Аухадиева.

Айта кетейік, бір айдың ішінде Алмалы ауылында 8,6 шақырым, Берекеде 13 шақырым бөгет салынды. Қазір Жайық өзеніндегі су деңгейінің төмендеуіне қарамастан, Алмалы ауылдық округіндегі қорғаныс бөгеттерінде тәулік бойы кезекшілік жалғасуда.

 – Жағалауды нығайту жұмыстары кезінде бізге тіпті қарт әжелер де көмектесті, көже қайнатып, бауырсақ пісірді, ауылдың әйелдері бригадаларға бөлініп, бөгет бойындағыларға ас-ауқат дайындады. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті қызметкерлеріне ерекше алғыс айтамыз. Университет ұжымы бекітілген 5,7 шақырым бөгетті су тасқынынан қорғай алды, — деді Гүлшат Аухадиева.

Сурет: Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button