АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА ГАЗ КЕЛДІ

whatsapp image 2021 10 01 at 18.57.48 Жаңалықтар

Исатай ауданы,  Зинеден ауылдық округіне қарасты Амангелді елді мекеніне газ желісі тартылды.

Бұл туралы Исатай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ауылдық округтен 12 шақырым қашықтықта орналасқан Амангелді елді мекенінде 20-дан астам түтін, 50-ден астам тұрғын бар.  Аталған елді мекен тұрғындарының көптен қозғап жүрген мәселелерінің бірі осы көгілдір отын болатын. 

Жақында осы мәселе оңынан шешіліп, елді мекенде газ желісі іске қосылды. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының тапсырысымен басталып, құрылысы 2019 жылы аяқталған 12 шақырымдық газ желісінің іске қосылуы — амангелділіктер үшін үлкен қуаныш. 

 Елді мекен тұрғындарын аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары инспекциясының басшысы А.Зиноллаев, аудандық газ шаруашылығы бөлімшесінің басшысы Ж.Қабиев, Зинеден ауылдық округінің әкімі Е.Махсотов құттықтады. 

 Газ шаруашылығы бөлімінің мамандары газ желісінің қысымын бақылағаннан кейін, тұрғын үйлерге газ қосылды. 

Жергілікті халық атқарылған іске дән риза болып, алғыстарын жеткізді. 

whatsapp image 2021 10 01 at 18.57.49
whatsapp image 2021 10 01 at 18.57.48 2

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз