Жарнама
Жаңалықтар

«Біз де генерал боламыз!»

Атырау облысы Индер ауданына іссапармен келген республика Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Бүркітбайұлының алдынан Индербор кентінің балалары жүгіріп шығып, қарсы алды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әскери форма мен тікұшаққа қызыққан балалардың өтініштерін жерге тастамаған вице-министр оларға тікұшақтың ішін аралатты. Балалар болашақта әскери қызметші болғылары келетінін айтып, армандарымен бөлісті. Тікұшақтың ішінде естелікке суретке де түсіп үлгерді.

Көрген көзге ерекше әсер қалдыратын бұл көріністің жылдардан кейін тарихи сурет болып қалары сөзсіз. Ал келешегінен зор үміт күткен жас буындардың болашағы жарқын, еңселерінің биік болуына біз де тілектестік білдірдік.

Ұлболсын МАРСОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button