Жарнама
Жаңалықтар

Биыл Жылыойда 62 095 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді 

Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов «Жылыой ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы» туралы баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Осы жылдың 10 айында аудан бойынша негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 1 триллион 719 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі – 102,4% болды. 

-Құрылыс жұмыстарының көлемі 677 миллиард теңгені құрап, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда 27,6% артық орындалып отыр. Ауданда 62 095 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 58 792 шаршы метр болатын. Оның ішінде халық қаражаты есебінен салынған үй 57 838 мың шаршы метр болып отыр,- деді аудан әкімі. 

Айта кетейік, Жылыой ауданының халық саны – 86 118 адам, ал Құлсары қаласында – 65 700 тұрғын бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button