Жаңалықтар
Биыл Рамазан айы 25 сәуірде басталады
Atr.kz/6 қаңтар, 2020 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2020 жылғы діни күндер кестесін бекітті.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Кестеге сәйкес, биылғы Рамазан айы 25 сәуірде басталады. Ораза айт мерекесі 24 мамыр ал Құрбан айттың бірінші күні 31 шілдеге сәйкес келеді.
Еске салсақ, өткен жылы Рамазан айы 6 мамырдан 5 маусымға дейін жалғасқан болатын.