Жарнама
Жаңалықтар

Биыл Құрманғазы ауданының Бірлік ауылына 300 орындық мәдениет үйі салынады

Құрманғазы ауданына қарасты Бірлік ауылында жаңа мәдениет үйі бой көтермек. Жаңа ғимараттың құрылысы осы жылғы мамырда басталмақ, деп хабарлайды Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Ол 0,6 гектар жерге салынбақ мәдениет үйінің жобасымен танысып, құрылысты өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес сапалы жүргізуді тапсырды.

Ал аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ренат Нұғманов аталған құрылыс жұмыстары бір жылдан астам уақыт жүргізілетінін мәлім етті.

-Мұнда көрермен залынан басқа, хореография залы, үйірме кабинеттері, асхана бар. Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары 15 айға жоспарланып отыр. Тапсырыш беруші аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі болса, мердігер мекеме «Бағалы-Алакөл» ЖШС,- деді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ренат Нұғманов.

Айта кетейік, Құрманғазы ауданында 56 мың халық болса, Бірлік ауылында 2 200 тұрғын бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button