Жарнама
Жаңалықтар

Биыл Құрманғазы ауданында «Лотос фестивалі» өтеді

Бұл туралы аудан әкімі Абат Жанғалиев мәлімдеді.

-Фестиваль арқылы аудан табиғатын республикаға және әлемге танытып, туристер тартуға болады. Жиырма күнге жоспарланатын «Лотос фестиваліне» келушілерге толық жағдай жасап, киіз үйлер, жатын орындар, тамағы, ойын-сауық, трансфер секілді бүкіл қажеттіліктер тас-түйін дайындалады. Өнерпаздар мен суретшілер тартылады. Жалпы, қазіргі көктемгі су тасқынын алдын алып, толық жағдай реттелген соң, «Лотос фетиваліне» дайындықты бастаймыз. Бұл — өңірімізде бұрын-соңды болмаған іс-шара. Туризм саласына үлкен серпін береді деп сенемін, — деді Абат Жанғалиев.

Айта кетейік, Құрманғазы ауданы жүзарал суларымен, тамаша табиғатымен көпшілікке белгілі. Әсіресе, ауданда өсетін Лотос гүлдері — әлемде сирек кездесетін өсімдіктің түрі. Мұнда Лотос гүлдері шілде айының екінші онкүндігінен бастап тамыз айының ортасына дейін гүлдейді. Осы кезде ерекше гүлдерді тамашалауға өңірге келушер қарасы көбейеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button