Жарнама
Жаңалықтар

Биыл өңірдегі өнімдер жылдағыдан 15 күнге ерте пісті

Атыраулық шаруалардың жиын-терім жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биыл өнімдер жылдағыдан 15 күнге ерте пісті. Оған өңірдегі ауа-райының қолайлылығы себеп болуда. Бұл туралы Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Азат Қапанов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде тәтті бұрыш, қырықққабат, қияр, қызылша секілді көкөніс түрлері тұтынушылардың қолдарына жеткен. Бұл жергілікті нарықтағы көкөніс бағасын реттеп, сырттан тасымалдантын өнім түрлерін шектеуге мүмкіндік береді.

-Сәуір айының ортасынан бастап егіп бастадық. Бүгінгі таңда бастапқы өнімді теріп жатырмыз. Қазір қауын пісті, енді қарбыз піседі, сосын ерте пісетін картобымыз бар. Ол да шілде айында пісе бастайды,- деді «Дастан» шаруа қожалығының агрономы Баһадүр Сайытов.

Оның айтуынша, көктемде ертемен 160 гектар алқапқа 12 түрлі дақыл егіп тастаған.

Жалпы Махамбет ауданында 120-дан астам шаруа қожалығы мен шағын шаруашылықтар бар. Олар биыл 4800 гектарға дән сепкен. Климаты қатал, жазы аптап ыстық болатын өңірде өнім алу оңай емес. Оның үстіне Атыраудағы егіс алқаптары тек қана механикалық жолмен суарылады. Ал шығынның 85 пайызын мемлекет субсидиялап отыр.

-Мемлекет тарапынан инвест субсидия беріліп жатыр. Суару, тамшылату технологиясына тұқымға гербицид және тыңайтқышқа субсидия беріліп жатыр. Былтыр 23 шаруашылыққа инвест субсидия ретінде 135 млн субсидияланды,- деді А.Қапанов.

Қазір егіс алқаптарынан 40 тоннаға жуық өнім жиналып отыр. Облыс шаруаларына көктемгі дала жұмыстары мен жиын-терім науқаны үшін мемлекеттен жеңілдетілген бағамен 800 тонна дизель отыны бөлінген. Бұл — шаруалардың шығынын азайтып, жергілікті өнімнің бағасын тұрақтандыруға септігін тигізбек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button