Жарнама
Жаңалықтар

Биыл өңірде жаңа туристік турлар ашылады

Атырау облысының туристік әлеуетін жақсарту мақсатында халықаралық және республикалық «Almaty Kitf 2025» көрмесіне қатысу, саяхатшы блогерлерге арналған турлар ұйымдастыру, ұлттық тағамдарды дәріптеу мақсатында гастрономиялық фестивальдер өткізу, экстремалды туризмді дамыту үшін Нарын құмында джип-турлар ұйымдастыру, жол нұсқаушы-гидтерді оқыту және туристік маршруттардың санын 30-ға жеткізу жоспарланды.

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру, спорт және туризмді дамыту басқармасының бөлім басшысы Ернұр Ниетжанов мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

–Сонымен қатар Құрманғазы ауданындағы лотос алқабына барар жолды жақсарту мақсатында Қиғаш өзені жағалауын абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Туризмді дамыту үшін басқарма және тиісті мекемелермен бірлесіп, туризм саласын дамыту жөніндегі жол картасы әзірленуде. Олар: туристік инфрақұрылымды жақсарту, туристік нысандардың қызметін жетілдіру, өңірдің туристік әлеуетін көтеру және ақпараттандыру, облыстың бірыңғай туристік брендін әзірлеу, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, туризм бағыттарын дамыту және іс-шаралар ұйымдастыру, — деді Е.Ниетжанов.

Былтыр тоғыз айдың қорытындысына сәйкес өңірге 112 мыңнан аса турист келді. Олардың ішінде 94 мың адам ішкі, 18 мың азамат сырттан келгендер. Бүгінде 250-ге жуық туристік нысан бар. Сондай-ақ өткен жылдық қорытындысына сәйкес туризм саласына құйылған инвестиция көлемі 23,5 млрд. теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 31%-ға артты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button