Жарнама
Жаңалықтар

Биыл облыстан 1450-ден астам жер телімі пайдалануға беріледі

Бұл туралы Жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқали баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Бүгінде Атырау облысының жер қоры 11 млн 863 мың гектарды құрайды. Аталған көлемдегі жер телімдері әр түрлі мақсатта қолданылуда. Алайда, белгілі бір мақсатпен бөлініп, игерілмей қалған жағдайда жер телімі мемлекетке кері қайтарылады. Алдыңғы жылы игерілмей қалған ауыл шаруашылығы мақсатындағы 201 мыңнан астам гектар жер анықталып, 17 мың гектарға жуығы шара қолдану нәтижесінде қайта игеріле бастады. Оның 87 мың гектарға жуығы мемлекет меншігіне қайтарылды.

— Өткен жылы облыс көлемінде 206209 га құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 185 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Оның ішінде 191 мыңға жуығы жайлым болса, 140 гектар шабындық, қалған 15 мыңы өзге де жер санаты. Сондай-ақ жыл соңына дейін пайдаланылмай жатқан және ҚР-ның заңнамасын бұза отырып берілген 210 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы қала және аудандар бөлінісіндегі жоспар бекітілді, — деді  Ә.Ермекқали.

Сонымен қатар ол баспасөз брифингінде тұрғындарға қашықтықтан қалай жер кезегіне тіркелу керектігін айтты.

— Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 81-тармағын орындау шеңберінде «Халық пен бизнестің ақпаратқа ашықтығын және толық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жер қоры және жылжымайтын мүлік объектілері туралы бірыңғай ұлттық дерекқорды құру» көзделген. Сондай-ақ,«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 32-тармағын орындау шеңберінде «Ақпараттық жүйелерді «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі әзірленді. Осыған орай республикасылық деңгейде «жеке тұрғын-үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандардың бірыңғай тізілімі» жасақталып, іске қосылды. Енді азаматтар үйде отырып-ақ электронды тәсілмен eGov электронды үкімет порталы арқылы жер учаскесіне кезек алу мүмкіндігі бар,- деді Ә.Ермекқали.

Айта кетейік, осы жылы облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу кезегінде 140 мыңға жуық азамат тіркелген және оның басым көпшілігі Атырау қаласының азаматтары.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button