Жарнама
Жаңалықтар

Биыл облыста автокөліктермен 49 өрт оқиғасы тіркелді

Соңғы жылдары Атырау облысында газ баллон жабдықтарымен жұмыс істейтін автокөліктердің әсерінен адам өлімі мен материалдық залалға әкеп соқтыратын түрлі төтенше жағдайлардың туындау қаупі бірнеше есе артты. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Даурен Берденов баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, сондай-ақ жапсарлас салынған жабық автотұрақтарда газ баллон жабдықтарымен жарақтандырылған автомобильдердің өртенуі аса қауіпті.

— Мұндай өрттердің негізгі себептері «қолөнер тәсілімен» газ баллонды жабдықты орнату және технологиялық процесті бұза отырып, біліктілігі жоқ мамандардың жұмыстарды жүргізгенінен туындайды. Оған қоса тиісті қызмет көрсетудің болмауынан да орын алады. Сонымен қатар өрт қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жер деңгейінен төмен орналасқан автотұрақтар, жабық үлгідегі үй-жайлар мен паркингтерде газ баллонды жабдықпен жарақтандырылған автомобильдер тұрағының болмағаны абзал. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі бақылауды қамтамасыз ету мақсатында бүгіннен бастап газ баллон жабдықтарымен жарақтандырылған көлік құралдарын пайдалану және тұрақ саласындағы заңнама нормаларының сақталуына 26 тамызға дейін Ішкі істер министрлігімен бірлесіп «Газбаллон» профилактикалық іс-шарасын өткізгелі отыр, — деді Д.Берденов.

«Газбаллон» профилактикалық іс-шарасында мүдделі мемлекеттік органдарды, ұйымдарды тарта отырып, газ баллон жабдықтарымен жарақтандырылған көлік құралдарын пайдалану және тұрақ жөніндегі заңнама талаптарының сақталуын қадағалайды.

-Егер газ баллон жабдықтарымен жарақтандырылған көлік құралдарының тұрақтарын пайдалану барысында қандай да бір құқық бұзушылықтардың анықталғанғанын байқасаңыз, «101» және «112» диспетчерлік қызметіне хабарлауыңызды сұраймыз, — деді Д.Берденов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button