Жаңалықтар
Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында қызылқоғалық 5 отбасы тұрғын үй сертификатына ие болды
Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
— Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында қызылқоғалық 5 отбасы тұрғын үй сертификатына ие болды. Сонымен қатар 6 отбасыға жалдамалы пәтер және 15 қызметтік тұрғын үй берілді. Бұл жұмыстар алға қарай да жалғасатын болады. Өйткені Миялы ауылынан үш қатарлы 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталса, тағы осы типтегі аудан орталығынан үш қатарлы 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына жоба дайындалды,- деді Қ.Әзмұханов.
Сондай-ақ, аудан әкімінің айтуынша, жоспарға сай «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында Миялы, Сағыз, Жасқайрат, Қоныстану ауылдарынан тұрғындарға 683 жер телімі берілмек.