Жарнама
Жаңалықтар

Биыл Атырауда ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 1,9%-ға артты

Осы жылы ауыл шаруашылығында 44 млрд. теңгеге өнім өндірілді. Оның ішінде 42 млрд. теңге мал шаруашылығы бойынша болса, 900 млн теңге егін шаруашылығына тиесілі. Бұл туралы Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Салауат Өтеғұлов баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазір де мал шаруашылығы бойынша ірі қара мал 232 мың, қой-ешкі 717 мың, түйе 39 мың, жылқы 125 мың, құс 38 мың басқа жетіп отыр.

— Өндірілген өнімдерді айта кететін болсам, ет тірілей салмақта 26 мың тонна, сүт өнімдері 38 мың тонна, жұмыртқа 4 млн дана. Бүгін де асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылықтар саны 53-ке жетіп отыр. Мал шаруашылығының өнімділігін дамыту жән өнім сапасын арттыру бағытында, сондай-ақ ірі сабақты мал азығына кеткен шығынды арзандату бағытында бас-аяғы барлығы 1 млрд 931 млн теңге субсидия бөлінді. Егін шаруашылығы бойынша да біраз жұмыстар жасалды. Облыс бойынша биыл егістік көлемі 10 338 гектарды құрайды. Сонымен қатар, егіншілік саласында 341 ауылшаруашылық құрылымдары қызмет атқаруда. Егін жинау жұмыстары да жоспарға сәйкес басталды. Атап айтсам, күні бүгінге дейін жалпы егіс алқаптарының 23,7% -ы жиналды, — деді С.Өтеғұлов.

Оның айтуынша, инвестиция тарту бағыты бойынша осы жылы 128 жұмыс орнымен 9,4 млрд. теңге құрайтын 5 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, облыстың агроөнеркәсіп кешені әлеуетін арттыру және әлеуметтік-экономикалық дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button