Жарнама
Жаңалықтар

Биыл Атырауда 2500-ге жуық кәсіпкерлердің жобасын қаржыландыру жоспарлануда

Бұл туралы Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабеков мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жыл басынан бері облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 65 396 бірлікті құрады. Ал бұл көрсеткіш өткен жылы 52869 болған. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы шеңберінде өткен жылы бюджеттен 8 млрд. теңге бөлінген. Оның ішінде несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға — 6 млрд. теңге, несиені кепілдендіруге — 1,9 млрд. теңге, мемлекеттік гранттар ұсынуға — 106 млн. теңге қарастырылған.

-Облысымызда іскерлік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында тиісті шаралар қабылдануда. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытында өңірде бірнеше мемлекеттік жән жергілікті бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Осы шаралар мен жұмыстардың нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерліктің маңызды көрсеткіштерінде өсім динамикасы байқалуда,- деді Н.Жаңабеков.

Оның айтуынша, биыл кәсіпкерлерді қаржылай қолдау шеңберінде бюджеттен 10,5 млрд. теңге бөлініп, 2500-ге жуық кәсіпкерлердің жобасын қаржыландыру жоспарлануда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button