Арнайы сыйлық — «Иверияда»! (+ФОТО)

IMG 20190324 WA0004 Жаңалықтар

Atr.kz/24 наурыз, 2019 жыл.

Бүгін, халықаралық көпжанрлы «Танысу Алматы» өнер және мәдениет фестиваль-конкурсынан Бас жүлдемен оралған «Иверия» би ұжымын атыраулықтар ерекше салтанатпен қарсы алды.

Түстен кейін теміржол вокзалынан Алматы-Атырау бағытын тосқан жерлестеріміз аз болмады. Олар еліміздің оңтүстік астанасында өткен байқауда ел насымын қорғап, арнайы сыйлық – Гран-приді қанжығасына байлаған атыраулық бишілерді асыға күтті. «Халықаралық өнер күндері» аясында өткен фестивальге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстаннан 800-ге тарта қатысушы, яғни жүзден астам би ұжымы өнер көрсетуге ниет білдірген. Гала-концертке іріктеу турынан өткен 14 ұжым қатысқан. Олардың қатарында атыраулық «Иверия» ансамблі де болды. Марапаттау рәсімінде жерлестеріміз арнайы сыйлық-Бас жүлдені жеңіп алып, Италияда өтететін фестиваль-байқауға тегін қатысу сертификатына ие болды. Қазылар алқасының құрамында Испанияның сальсо билері бойынша төрт мәрте жеңімпазы С. Хавьер, «Festival&contest» Қауымдастығының Президенті Кристино Карточети және тағы басқалар бар.
«Ивериялықтар» жеңіп алған «Special artistic Award» арнайы сыйлығының ерекшелігі – оның бір рет қана табысталуында.
-Үш тәулік бойы жолда жүру оңайға соқпады. Бірақ, біздің осы еңбегіміз еш кетпеді. Атыраулық дарынды жастар Алматы төрінде өнерлерін паш етті. Балаларымыз өздерінің бірнеше уақыт бойғы дайындықтарын дәлелдеп, жеңіс тұғырынан көріне білді. Жерлестеріміздің бізді осындай мерекелік көңіл-күйде қарсы алғаны үшін алғысымды білдіремін. Бұл біздің жеңісімізді есейлей түсті. Көпұлтты ұжым болсақ та, бір шаңырақтың балаларындай ұйымшылдықпен дайындалып, арнайы сыйлықты иенеліп отыр. Жеңісті күндеріміз көп болсын! – дейді бізбен әңгімесінде «Иверия» этно-мәдени ортиалығының жетекшісі Зураб Бобохидзе.
Халықаралық байқауда үздік атанып, топ жарған жас бишілер ата-аналарының да қуанышында шек жоқ. Ансамбль құрамында қос ұлы өнер көрсеткен Ақмарал Алпатанова балалар бұл фестивальге үлкен жауапкершілікпен әзірленгендерін жеткізді.
-Олар үш жыл бойы дайындалып келеді. Былтыр бірінші дәрежелі лауреат атандық. Биыл біз арнайы сыйлық-Бас жүлдені жеңіп алдық. Жалпы, Атыраудан 26 бала қатынасты. Бізде екі нөмір болды. Бірі – «Менің Кавказым» болса, екіншісі «Наурыз» деп аталды.
Вахтеридзе Дмитрий Солхановичтің жетекшілігімен үш жылдан астам уақыт бойы дайындалып келеміз. Маған халықаралық фестивальдің көпжанрлы болғандығы ұнады, – дейді Ақмарал Алпатанова.

Айбөпе САБЫРОВА,
суреттер автордікі.

IMG 20190324 WA0003
IMG 20190324 WA0012
IMG 20190324 WA0008
IMG 20190324 WA0006
IMG 20190324 WA0019
IMG 20190324 WA0020
IMG 20190324 WA0022
IMG 20190324 WA0021
IMG 20190324 WA0023
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз