Жарнама
Жаңалықтар

Биыл Атырау бес медициналық пункт және бір фельдшерлік акушерлік пункт пайдалануға беріледі

Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысына сәйкес медициналық пункт Махамбет ауданының Еңбекшіл, Көздіқара, Аққайың ауылдарында, Жылыой ауданы Қарағай ауылында, Қызықоға ауданының Айдын ауылында салынуда. Ал фельдшерлік акушерлік пункт құрылысы Исатай ауданы Аққыстау ауылы Өркен мөлтек ауданында жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті.

Бұл медициналық пункттердің жобасы денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкестендірілді. Сондай-ақ, санитариялық қағидаларға сай жобалауға арналған тапсырма негізінде орындалды. Медициналық пункт аумағында санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ету үшін шағын сәулет нысандарының толық жиынтығы қойылады. Көгалдандыру жұмыстарымен жалғасын табады. Аталған нысандарың құрылысы 2022 жылдың қараша айында басталған. Жоспар бойынша тұрғындар игілігіне осы жылдың маусым-шілде айларында пайдалануға беріледі,— деді Н.Құсайынов.

Медициналық пункт ғимараты бір қабаттан тұрады. Оның жалпы аумағы — 266,35 шаршы метр. Егу және емдеу кабинеттері арнайы медициналық жабдықпен қамтылған. Сонымен қатар, орта медициналық қызметкерлер бөлмесі, ординатор, акушер кабинеті, зерттеу жүргізуге және материал жинауға арналған бөлме, дезинфекция құралдарын дайындауға және сақтауға арналған бөлмелер қарастырылған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button