Биыл 9 халықаралық бағыт бойынша рейстер ашылмақ

a5165d37364269630ec5c2b458d Жаңалықтар

Биыл шетел қалаларына 9-дан астам бағыт бойынша рейстер ашылмақ. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта әуе көлігіндегі жолаушылар ағыны (коронавирус пандемиясынын кейін) қалпына келді және осы бағытта тұрақты өсім байқалып отыр. 2022 жылы 11 млн жолаушы тасымалданып, бұл көрсеткіш оның алдындағы жылдың деңгейінен 17 пайызға артық (9,4 млн жолаушы). Халықаралық рейстер 28 мемлекетпен арада аптасына 477 рейс жиілігімен 104 әуе бағдары бойынша орындалады. Әуе сапарларын көбейту тұрғысында тиісті қадамдар іске асырылып, «ашық аспан» режимі енгізілді», – деді А. Ыдырысов Сенатта еліміздегі әуе көлігі мәселелеріне қатысты жиын барысында.

Оның айтуынша, биыл 9-дан астам бағыт бойынша рейстер ашылмақ. Осы орайда Маскат, Париж, Куала-Лумпур, Тель-Авив, Карачи, Лахор, Самарқанд, Прага, Мумбай секілді қалалар қамтылмақ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз