Биыл Атырауда 38 көппәтерлі ипотекалық тұрғын үй салынады

d348e634 0b01 41c7 b367 2426bcb6ecaa Жаңалықтар

Атырауда ипотекалық тұрғын үй  құрылысына жандандыру  мақсатында ірі компаниялар салаға тартылуда. Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Серік  Шапкенов  «BI Group»   компаниялар тобының  «Заман» тұрғын үй кешені құрылысының таныстырылымында айтты, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

d348e634-0b01-41c7-b367-2426bcb6ecaa

Шаһар басшысы  жергілікті атқарушы билік  бизнес жүргізуді тиімді ету арқылы Атырауда аймақтың инвестициялық тартымдылығын  арттыруға барлық жағдай жасап отырғанын айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыс басшылығы жергілікті атқарушы органдар алдына инвестиция тарту, кәсіпкерлік субъектілерін көбейтуге қатысты нақты міндеттер қойып отыр», – деді Серік Шапкенов.

Қала әкімінің айтуынша, 2017  жылы Атырау қаласында 20 көп қабатты тұрғын үй, 1020 пәтер салынған. 2018 жылы осы көрсеткішті 38  үй, 3678  пәтерге жеткізу жоспарлануда.

Айта кету керек, жекелеген компаниялар салынған пәтерлер «Нұрлы жер», «7-20-25»  ипотекалық несиелеу бағдарламасы бойынша беріледі.

 

Хорлан СМАДИЯР

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз