Жарнама
Жаңалықтар

Бірыңғай уақыт белдеуі: Тұрғындар қандай пікірде?

29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстанның 17 өңірі мен үш республикалық маңызы бар қаласы сағат тілін бір сағат артқа ауыстырылған болатын, — деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Осылайша, барлық аймақта қазір бір уақытенгізілген және бүкіл ел UTC +5 уақыт белдеуінде болады. Бұған дейін Қазақстанда екі уақыт белдеуі жұмыс істеген — UTC+5 және UTC+6. Біз тұрғындардан Бірыңғай уақыт белдеуіне қалай қарайтындықтарын сұрап көрген едік.

Атырауда жұмыс істейтін Алматы тұрғыны Нұргүл Сағындықова осы жылдың наурыз айынан бастап қазақстандықтар табиғи уақыт режиміне сәйкес өмір сүре бастағанын жәнеқазір бейімделу процесі жүріп жатқанын атапөтті.

«Менің ойымша, қазір бейімделу жүріп жатыр. Біз физикалық фактордың ағзағаәсерін өткеріп жатырмыз. Дегенмен,біздің биоритмдеріміз жаңа факторларғабейімделеді және биологиялық сағаттарымыз да өз бетімен жұмыс жасайды. Біз әртүрліміз, сәйкесінше бейімделу процесі де түрлі жолмен жүріп жатыр» дейді ол.

Жергілікті кәсіпкер Болат Кульчиев адам биоритмдерінің бұзылуына байлансты электр энергиясы көбірек жұмсалатынын жасырмайды. Бірақ, оның ойынша, артықшылықтар да жоқ емес, бұл логистикамен көлік қатынасын жеңілдетеді, бизнескеде ыңғайлы және коммуникация саласын да едәуір жеңілдетеді.

Зейнеткер Алпамыс Хасанов Қазақстандауақыт белдеуін ауыстыруға қарсы емес.

— Мен бұл туралы көп оқыдым,сондықтан қазақстандық ғалымдардыңбірі бүкіл аумақта біртұтас уақыттықолданған Қытайды мысалға келтіргені бар. Оның айтуынша, халықтың көпшілігі– студенттер де, ересектер де шамаменсағат 22:00 шамасында жарықтысөндіріп, 6:00-де тұрады. Бұл тәжірибебүкіл әлемде кеңінен қолданылады. Мензейнеткер ретінде бұл тәжірибені жақсы көремін, ерте ұйықтап, ерте тұрамын, -деп күледі ақсақал. — Менің немерелерім Алматыда тұрады, жиі қоңырау шалып, жолға да шығамын. Бұрын пойызғанемесе ұшаққа отыратын кезімде шатасатынмын, ал, қазір тіптен оңай.

Ирина Мезинцева жұмыс бабымен Астанадағы кеңсемен жиі сөйлесетінін айтады.

«Шынымды айтсам, іскерлік келіссөздер жүргізу, хат алмасу, әрине, қазір оңайырақ болды, себебі, уақыт бірдей. Егер бізді басқа уақыт белдеуіне ауыстырса, қалай болатынын білмеймін, бұл басқа мәселе. Ал, маған бірыңғай уақыт белдеуі өте тиімді» дейді қала тұрғыны. 

– Ғалымдар мен министрлер уақыт белдеуін өзгерту ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан орындыекенін алға тартады, — дейді қала тұрғыны Сәуле Мұхитова. – Ал, бұлтуралы Қостанай және Қызылорда облыстарының тұрғындары бірнеше жылбойы осы мәселені көтеріп келген. Менің ойымша, Үкімет мұндай маңыздышешімдерді тектен-тек қабылдамайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан UTC+5Бірыңғай уақыт белдеуінде 2024 жылдың 1 наурызынан бастап көше бастады. 22 сәуірдеуақытты ауыстыруды тоқтату туралы өтініш берілді. 7 маусымда ол қарауға қажетті дауыссанын жинады — 50 мың. Кейінірек, 21маусымда уақыт белдеуіне қатысты петицияны қарау бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. 12 қарашада Қазақстан Энергетика министрлігі Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу электр энергиясын тұтыну кестесінде елеулі өзгерістерге әкелмегенін мәлімдеді.

Мәдина Серікқызы

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button