АТЫРАУДА БАЛАЛАР АЛАҢЫ БЫТ-ШЫТ БОЛҒАН (+видео)

img 20220216 wa0152 БЕЙНЕЖАЗБА

Алмалы ауылындағы әкімдік ғимаратының маңында орналасқан балалар алаңының қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді.

Жаңбыр мен еріген қардың әсерінен алаңның жері аяқ алып жүргісіз. Алаңның ішіндегі турник пен қоссырықтан (брусья) басқасының тек ізі ғана қалғанға ұқсайды. Әткеншек түбінен үзіліп, сынып қалған. Төселген тас төсеуіш (брусчатка) жол кіреске (крест) ұқсап, адам аяғы басатын жердің барлығына бірдей төселмеген. Оның үстіне төселген тас төсеуіштердің де сыйқы кеткен. Балалар ойнайтын жер, балшық күндері аяқ басып жүруге келмейді. Сырт көзге көшенің сәнін кетіріп, сүреңсіз көрініп тұр. Алаңның торлы қоршауы да баяғы сәнін жоғалтқан. Қысқасы пайдалануға берілгелі қараусыз қалған түрі бар. Балалар тек күннің құрғақ кезінде ғана емес, басқа да мезгілде ойнайтынын ескеріп, қарауыл қойса құба-құп болар еді.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз