Атырауда шала туған шақалаққа күрделі ота жасалды (+ ФОТОРЕПОРТАЖ)

FOCI4642 Жаңалықтар

Atr.kz/27-ақпан, 2019 жыл. 20 ақпан күні  Атыраудағы облыстық перинаталдық орталықта жеті айлығында туған шақалақтың көзіне ота жасалды. 

Бастан-аяқ жергілікті  мамандар жасап шығарған отаның  ерекшелігі сол – дәрігерлер жаңа құрылғыларды пайдалана отырып, операцияны лазерлік жолмен жасаған. Үш сағатқа созылған операция бұған дейін Астана мен Алматы қалаларында ғана жасалып келген екен. Енді, 2016 жылдан бері мұндай  күрделі операция жасайтын орталықтардың қатарында Атырау облыстық перзентханасы да бар.

VNXS9517

         Отаны жасаған дәрігер, балалар офтольмологы Аида Серікқызы шала туылған сәбиге «ретинопатияның»  үшінші сатысы деген диагноз қойылғанын айтады.

«Соңғы кездері мұндай ауру шақалақтарда көп кездеседі. Көз өскіні қалыптаспаған жағдайда, ота жасау қажет болады. Бүгінгі күнде шақалақтың жағдайы жақсы. Әйтсе де, осымен біз нақты нәтижеге жеттік деп айта алмаймыз. Сәби апта сайын бақылауда болады» дейді ол.

Фархад  КАРАПИДЕНОВ. Фото автордікі.

Сіз не дейсіз?

Айгерім ХАСАНОВА, сәбидің анасы:

 Бұл менің  екінші нәрестем.  Есімі Хадиджа.  Алғашында дәрігерлер баламның көзі дамымай қалғанын ескертіп, мен қатты уайымдаған едім. Шүкір, қазір  отадан кейінгі жағдайымыз жақсы. Бұған дейін тіршілік белгісін аса байқата қоймаған қызым қозғалып, салмақ жинап келе жатыр. Дәрігерлерге ризамын.

«Ретинопатия»  диагнозы бойынша жаңа туылған нәрестелерге Атырауда жасалған операциялар саны:

2016 жылы –  9 операция,

2017 жылы – 11 операция,

2018 жылы – 10 операция,

2019 жылы – 1 операция;

VNHM8921

Отаны жасаған дәрігер, балалар офтольмологы Аида Серікқызы
FOCI4642
IMG 2286
IMG 2291
IMG 2294
IMG 2297
IMG 2300
IMG 2306
IMG 2310
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз