Жарнама
Жаңалықтар

“Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл” ескерткіш тақтасы ашылды

Ұлтаралық келісім — республикамыздағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осылай деген қала тұрғындары мен түрлі этнос өкілдері “Достық үйі” ғимаратының алдында бас қосты.

33b2e536 731b 4232 95e9 383b99549dce

Салтанатты жиында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов сөз сөйледі.

— Бүгін көктемнің алғашқы жайма-шуақ күнімен тұспа-тұс келген Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен және Алғыс айту күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Көктем мезгілі жер дүние жаңарып, жаңашылдыққа бастайтын кез. Барлық өкпе-ренішті ұмытып, жақындармен жайдары күймен қауышатын, көңілге шабыт сыйлайтын ерекше кез. Сондай-ақ күллі мұсылманның асыға күтетін қасиетті Рамазан айы да басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздің бейбітшілік пен тұрақтылық жолындағы маңызды институттарының бірі. Осы 30 жыл ішінде Ассамблея этностар арасындағы татулықты сақтау мен нығайтуда үлкен рөл атқарды. Осы сәтте Ассамблея өкілдеріне зор алғысымды білдіргім келеді. Тағы бір айта кететін жайт, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды. Еліміздің экономикасының дамуына өлшеусіз үлес қосып, әр салада елеулі еңбек етіп жүрген жұмысшыларға алғысымды айтамын. Баршамыз әрқашан бір-бірімізге ризашылығымызды, алғысымызды жаудырып, татулық пен бірлікті ту қып ұстасақ еліміздің ертеңі де жарқын болмақ,-деді С.Шәпкенов.

d53b9c8a d5c6 4348 b2ed 50cc51174884

Келесі сөз алған “Вайнах”-шешен-ингуш Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестігінің құрметті ардагері, Атырау облысы ҚХА ақсақалдар кеңесінің мүшесі Зелимхан Зубариев ел ішіндегі тұрақтылық пен татулықтың сақталуы – әрбір Қазақстан азаматының міндеті екенін жеткізді. Оның айтуынша, Ассамблея өзінің миссиясын жалғастыра отырып, елдегі бірлікті одан әрі нығайтуға үлес қоса бермек.

87f5e09d ee08 4b90 a1fd b11a36aafdf8 1

Содан соң “Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл” ескерткіш тақтасының ресми ашылуы өтті. Ескерткіш тақтаны ашу құрметі Атырау қалалық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Кеңес Қосыбаев пен “Иверия” грузин этнтмәдени бірлестігінің төрағасы Зураб Гедевановичке берілді.

92e221d4 eb95 441a beb3 bc41cdd4cf71

Еркеназ ҚАЛИЖАН
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button