
“Бірлік” депутаттық тобы құрылды
Атырау облыстық мәслихаты жанындағы “Бірлік” депутаттық тобы өңірдегі этномәдени бірлестіктер төрағаларымен, құрылым мүшелерімен кездесті.
Алдымен аталған депутаттық топ төрағасы Константин Шин жиналғандарды “Бірлік” депутаттық тобының қаулысымен, ережесімен және осы жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Ал облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова мәслихат депутаттарының облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен, мемлекеттің органдармен және азаматтық қоғам институттарымен этносаралық қатынастарды үйлестіру саласында тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатын топ жұмысына сәттілік тіледі.

Кездесу кезінде Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Кеңес Қосыбаев Ақсақалдар кеңесінің жұмысына тоқталып, Ассамблеяның мақсаты мен міндеті, соңғы жылдардағы жетістіктері туралы баяндады.
Қазақстандық қоғамдағы этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайтудағы этномәдени бірлестіктер ролі жайын әңгімелеген ҚХА ардагері Жанат Асабаева әрі қарай өңірдегі Ассамблея институтының құрылу тарихына тоқталды. “Тхоньиль Атырау” кәріс этномәдени бірлестігінің төрағасы Людмила Ли бірлестік тарихын кеңінен айтып берді.
Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ