Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

БІРЛІГІ БЕРІКТІҢ ТІРЛІГІ БЕКЕМ

Atr.kz/14 ақпан, 2020 жыл. Болар іс болды, бояуы сіңді. Дүйім жұртты дүрліктіріп, Қордайда орын алған олқылықтың енді екінші рет қайталанбауын қадағалауымыз қажет. Осы орайда, «бірлік», «біртұтастық», «береке» ұғымдарының мән-маңызына терең үңілуге тура келеді…

Қазақстанның жерін басып, суын ішіп, сол елдің азаматы атанып жүргендердің бәрі де – қазақстандықтар. Оларды ұлт пен ұлысқа бөліп жарудың қажеті жоқ. Иә, дүнгендер өкілінің тарапынан келеңсіз әрекет орын алғаны анықталды. Бұл жерде дүнгеннің орнында қазақ ұлтының өкілі болса да, заң алдында жауап беретіні ақиқат. Бірақ, заңнан аттап, өзіндік қимыл-әрекетке бару – қылмыспен пара-пар. Тіпті, керек десеңіз, бұл – бейбіт елдің берекесін қашырумен бірдей.

Тәуелсіздік жылдарында еліміз әлеуметтік, экономикалық тұрғыда толағай табыстарға қол жеткізгенін білеміз. Қазақстан ТМД кеңістігінде алғашқылардың бірі болып нарықтық экономикаға к ө ш т і . Б ү г і н д е с о л жақсылықтар жалғасып, жемісін татып жатырмыз. Ендеше, қанатын енді жайып келе жатқан жас мемлекетке қызыға да, қызғана қарайтын сырт көздер көп. Өйтпегенде ше? Жүз отыздан асқан ұлт пен ұлыс ұйысқан ел екеніміз рас қой.

Қазіргі өтпелі кезеңде қоғамға керегі – елдегі тұрақтылық пен тыныштық. Себебі, әлемдік оқиғалар сәт санап өзгеруде. Дүниежүзінде ж а л ғ а с ы п ж а т қ а н экономикалық дағдарыс, азық-түлік тапшылығы, халықаралық терроризмнен келетін қауіп-қатер бар. Осындай сындарлы кезеңде қоғамды алыпқашпа әңгімелермен іштен немесе сырттан ірітушілер де табылуы мүмкін. Ал, біз үшін халықтың бірлігінен асқан құндылық жоқ.

Қазақта «Біріккен жүз бытыраған мыңды алады» деген тәмсіл бар. Қасым ханның тұсында үш жүз жұдырықтай жұмылды. Хан Абылайдың ақ жалауының маңайына топтасқан халқымыз анталаған жауды жеңді. Мұның барлығы елдің бірлігі арқасында келген жеңіс еді. Осыны ұмытпай, ұлағатын ұрпаққа ұлықтайық дегім келеді.

Бақтыбек ТАУБАЕВ,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button