БІРЛЕСКЕН ЖОБА – БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ
Кездесу барысында тараптар арасында Атырауда жүзеге асырылуы жоспарланып отырған «Жастар орталығы» жобасы төңірегінде әңгіме қозғалды. Бірлесіп атқарылатын бұл жобада жергілікті жастардың жан-жақты білім алып, өнерге машықтануына, спортпен шұғылдануына, болашақ мамандығын таңдап, өз жолын табуына қолайлы ахуал туғызу үшін барлық жағдайлар туғызу қарастырылғандығына айрықша назар аударылды. Сондықтан, аталмыш жоба ойдағыдай іске асқан уақытта жас отандастарымыздың қоғамнан өз орнын тауып, толыққанды мүшесі ретінде қалыптасуына, аймақтың ғана емес, тұтастай мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, атсалысуына, қызметтік мансабын жасақтап, кәсіби маман, білікті менеджер ретінде өсіп-жетілуіне мүмкіндіктері артады деп күтілуде. Бұған аймақ басшылығы да өз өкілеттігі шеңберінде қолдау көрсететіндігі айтылды.
Ашық диалог, еркін пікірлесу форматында өткен жүздесуге разы болған «Шеврон» компаниясының өкілі Скотт Дэвис облыс әкімі Бақтықожа Салахатдинұлына әріптестері атынан алғысын білдірді.
Дәулетқали АРУЕВ.
Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.