Жарнама
Жаңалықтар

БІРЛЕСКЕН ІС БЕРЕКЕЛІ

 

— Елімізде инвесторлардың құқығын қорғауға бағытталған қолдау жеткілікті. Біздің көптеген жыл бойы бірлескен жұмыстарымыз үлкен тәжірибе жинақтауға септігін тигізді. Сондықтан, мен компания қызметімен жақсы таныспын, — деді облыс әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы.      

«Эксон Мобил Казахстан Инк.» – өңірде әлеуметтік салаға, соның ішінде, денсаулық сақтау ұйымдарына үлкен қамқорлық танытып, қолдау көрсетіп отырған компанияның бірі. Емдеу мекемелеріне заман талабына сай қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартып, сол арқылы көптеген науқастың өміріне араша түсіп жүрген компания тәуелсіздік жылдары еліміздің мұнай-газ саласының дамуына да ерекше үлесін қосып келді. Бұған қоса, білім беру және кәсіпкерлік салаларын дамытуға да қол ұшын беріп отыр.

Айта кетсек, компания Қазақстанда  1993 жылдан бері  қызмет етіп келеді. Бүгінгі күні жалпы инвестиция көлемі 15 миллиард  долларды құрайды.

Жүздесуде, Бруно Жардэн аймақ басшысын компания  жүзеге асырып жатқан жобалармен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button