2019 жылы облыс халқының 99,7 пайызы табиғи газбен қамтылады

20170803175924 Жаңалықтар
Атырау облысында шалғайдағы елді мекендерді газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы бүгін, 21 ақпанда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың халыққа есеп беру жиынында айтылды.
f65b1ced-f70a-43fa-89f3-4654d01165ab
Қазір Құрманғазы ауданы Азғыр аймағындағы 10 елдімекенде ұзындығы 365 км (Балқұдық, Азғыр, Қоңыртерек, Асан, Үштаған, Сүйіндік, Жалғызапан, Батырбек, Егінқұдық, Қошалақ) магистралды және ауыларалық газқұбыры құрылысы жүріп жатыр.  Бүгінгі күні оның 53 шақырымы салынды. Сонымен қатар осы елдімекендерде ұзындығы 67,6 км ауыл ішіндегі газқұбыры желісінің құрылысын бастау жоспарланды.
Құрылыс 2017 жылы басталды, 2019 аяқталады. Қазір аймақтағы тағы 13 шағын елдімекенді газбен қамтудың жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстары  жобалар дайындалып біткен соң биыл басталуы тиіс. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін Атырау облысы халқының 99,7%-ы газбен қамтамасыз етіледі.
Анар Мұрабай
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз