Жарнама
Жаңалықтар

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады

Қазақстанда 2024-2025 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Ата-аналар өтініштерін egov.kz электронды үкімет порталы немесе жергілікті әкімдіктердің ақпараттық жүйелері арқылы онлайн тапсыра алады.

Құжаттар тізімінде ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші, №065-у нысанындағы баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама, №052-2/у нысанындағы денсаулық паспорты, 2 дана 3х4 фотосурет болуы керек.

Министрлік ата-аналарға құжаттарды уақытылы тапсыруды ескертеді. Барлық қажетті ақпаратты жергілікті білім басқармаларынан немесе Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтынан алуға болады.

Бек АЙДАРӘЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button