Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«Біріңді, қазақ, бірің дос…»

Atr.kz/3 мамыр, 2020 жыл. Кемеңгер Абай ақын өлеңдерінің әрбір шумағы, әрбір тіркесі ұрпағына, жұртына, күллі адамзатқа өмірлік ғибрат болар асыл қазына екені даусыз.

Ұлы ойшыл өз шығармаларында табиғаттың төрт мезгілін, махаббат пен ғадауатты, бай мен кедейді, жомарт пен сараңды, жақсы мен жаманды жырлады. Қамшының сабындай қысқа ғұмырды татулықпен, бірлікпен өткізуден басқа дара жол жоқтығын әдемі сөз өрнегімен өрнектеді.

«Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос». Керемет айтылған. Қарап отырсақ, расымен де, осы бір өлең жолында дұрыс өмір сүрудің, тіршілікте табысқа толы болудың формуласы жатқандай. Себебі, әр нәрсенің берекесін келтіретін бірлік болмай тірлік болмайтыны адамзаттың сан ғасырлық өмір тәжірибесінен белгілі. Иә, бірлікте – береке бар. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі. Ол белгілі бір отбасының, топтың, ұжымның, халықтың, жалпы адам баласының мақсат, мұрат, мүдделері тоғысынан туындайды.

Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын «алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деп түйген. Бірлікті елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі санаған. Ел бірлігіне сына түспеу жағына баса көңіл бөлген. Ал, айрандай ұйыған осы бірлікті ыдыратып, ірітуші күш – күншілдік, к ө р е а л м а у ш ы л ы қ , і ш т а р л ы қ , араздық деп білген.

Жұртшылықты мұндай жағымсыз қасиеттерден қашық болуға, бойын аулақ салуға шақырған. Қазақ мемлекеттігі ең алғаш қалыптаса бастаған тұста шашыраңқы халықтар бас біріктіріп, «Е л боламыз!» деп ауызбіршілікпен Қазақ хандығын құрды. Ата-бабаларымыз осы бірліктің арқасында Атырау мен Алтайдың арасын алып жатқан ұланғайыр даланы ішкі-сыртқы жаулардан сақтады.

Жұдырық болып түйіліп, кескілескен ұрыстарда жанын аямай, қасық қаны қалғанша өз жерін қорғап қалды. Сан ғасыр мамыражай тірлік кешіп, бір кездері бірлігі шытынап, Ресей мемлекетінің қол астында бодан да болды. Сол жылдары кеңестік империяның қарауында бола тұра елдіктен, бірліктен айырылмады. Безбүйректер тіліміз бен жерімізді, дініміз бен ділімізді құртуға қанша ж ұ м ы с т а н с а д а , қ а й с а р х а л ы қ бірліктің арқасында басына түскен қилы кезеңдерден сүрінбей өтті. Сол бірліктің арқасында бүгінгі күні біз «Тәуелсіз мемлекет» атандық.

Қазір қазақтың даласында да, қаласында да – жаңа ел, жаңа ұрпақ, жаңа буын. Адам танымастай болып өстік, кісі қызығарлықтай болып өндік. Еліміз әлем картасынан өзінің орнын ойып тұрып алды. Өшкенімізді жақтық , ж о ғ а л т қ а н ы м ы з д ы таптық. Ажарлы да айбатты жаңа а с т а н а м ы з д ы с а л д ы қ . О с ы н ы ң барлығы Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың ауызбіршілігі мен бірлігінің арқасында жүзеге асты. Иә, біздің елімізде береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

Сондықтан қ а з а қ е л і н і ң б а с т ы ұ с т а н ы м ы – елдегі қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау. Дана Абай атамыздың «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең – істің бәрі бос!» деген ұлағатты сөзін естен шығармауымыз керек. Бірлігіміз жарасып, татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік!

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button