Атырау облысында нодулярлы дерматиттен өлген мал иелеріне өтемақы төлене бастады

korovka 1 Жаңалықтар

Айта кетелік, облыста дерттен 1119 мүйізді ірі қара өлген еді. Енді мал иелеріне 100 пайыз өтемақы төленеді. Бұл үшін республикалық бюджеттен 176 миллион 543 мың теңге бөлінді.

korovka

Естеріңізге салайық, нодулярлы дерматит биылғы шілде айында Атырау облысындағы Исатай, Құрманғазы, Маxамбет аудандарында және Атырау қаласында анықталған еді.

Карантин уақытында дезинфекциялық және ветеринариялық препараттар алуға 4,5 миллион теңге жұмсалды. Карантин жарияланған аймақтарда 5 бақылап өткізу пункті құрылды.

Мамандардың айтуынша, дертке шалдыққандардың мал саны 6894 болған, оның 5750 аурудан айықты, 1119 өліп, 25 емделіп жатыр. Дерттің таралуы тоқтаған.

Айта кетелік, нодулярлы дерматит Қазақстанда алғаш тіркеліп отыр. Сондықтан, мұндай ауруға шалдыққан мал иелеріне өтемақы төлеу мәселесі қарастырылмаған еді. Шілде айында Құрманғазы ауданына барған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғындарға өтемақы төлеу мәселесі шешіліп жатқанын айтқан еді.

ATPress.kz сайтынан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз